Skip to content
Абай атындағы мектеп

Абай атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Басшы
    • Оқу — тәрбие жөніндегі басшының орынбасары
    • Мектеп психологтары, әлеуметтік педагог
    • Медициналық қызметкер
    • Бастауыш сынып мұғалімдері
    • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Шетел тілі мұғалімдері
    • Қоғамтану және тарих мұғалімдері
    • Биология, химия, география мұғалімдері
    • Математика, физика және информатика мұғалімдері
    • Музыка, сурет және технология мұғалімдері
    • Денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері
  • Байланыс
  • Русский

21-25 мамыр күндері аралығында Түркістан облысы,Түлкібас ауданындағы Түлкібас кентінде тоғызқұмалақтан Түркістан облыстық федерациясының IV республикалық ашық турнирі өтті.Ұлттық спортты ұлықтаған дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен және көршілес Қырғыз Республикасынан келген үздік спортшылар қатысты.Ауқымды жарысқа 11 облыс,2 қала және 7 ауданның спортшылары өз бақтарын сынады.Турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясы президенті Нұрғали Мылтықбаевтын қолдауымен спортшылар ақшалай сертификаттармен марапатталды.Бұл турнирге біздің #2 БЖСМ-нің спортшылары қатысып ,келесі нәтижеге қол жеткізді .11 -жас қыздар арасында:🥇Сапар Хабиба;13 жас қыздар арасында :🥇Сакен Аймира;🥉Каркен АйяСпортшылар мен бапкерін Сапарова Гульжан Мухаметкалиевнаны құттықтаймыз👏👏👏👏

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

29.05.2026 ж. облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен АӘТД пәнінің оқытушылары арасында өткен “Сардар – 2026” жарысында біздің ұстаздар жоғары дайындықтарын көрсетіп, жалпыкомандалық ІІ орынды иеленді🏆👏🏻

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Жарыс барысында қатысушылар:▪️ АК-74 қаруын бөлшектеу және жинақтау▪️ Пневматикалық мылтықтан оқ ату▪️ Арқан тарту▪️ Жалпыәскери қорғаныш жиынтығын кию▪️ АК-74 оқжатарын жарақтандыру сияқты кезеңдер бойынша бақ сынасты. 🔹 Команда құрамы:▪️ Агумбаев Данияр Нурлыбекович — Абай атындағы ЖОББМ▪️ Кунанбаев Кенжекерей Рахатович — №4 орта мектеп▪️ Аменов Құдайберген Владимирович — Қ. Шүлембаев атындағы мектеп▪️ Жангельдинов Самат Олегович — … Read More «29.05.2026 ж. облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен АӘТД пәнінің оқытушылары арасында өткен “Сардар – 2026” жарысында біздің ұстаздар жоғары дайындықтарын көрсетіп, жалпыкомандалық ІІ орынды иеленді🏆👏🏻» »

Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларының қатысуымен Жақсылық Үшкемпіровтың (1951-2020) 75 жылдығына орай «Жақсылық Үшкемпіров спорт шебері Олимпиада чемионы, әлем чемпионы” дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында қазақтың даңқты спортшысы, Жақсылық Үшкемпіров туралы кеңінен мәлімет берілді.Іс-шара барысында қатысушыларға спорттың адам өміріндегі маңызы, денсаулыққа пайдасы жөнінде түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, Жақсылық Үшкемпіровтың спортқа келу жолы, оның еңбекқорлығы мен табандылығы, үлкен жетістіктерге жету жолындағы қажырлы еңбегі жайында “Соңғы сұхбат” атты бейнебаяннан қызықты деректер баяндалып, викторина сұрақтарына белсенді жауап беріліп, спорт тақырыбына қатысты кітаптармен таныстырылды.Жасөспірімдер спортшының өмір жолынан үлгі алып, өз мақсаттарына жетуде жігерлі болуға шақырылды. Іс-шара тәрбиелік мәні зор, мазмұнды өтті.

Кітапхана, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ), Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

2026 жылғы 12-18 мамыр аралығында Ақсу қаласының 10-сынып оқушыларымен өткізілген 5 күндік оқу-дала жиындары өз мәресіне жетті.

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Жиын барысында оқушылар алғашқы әскери дайындықтың негізгі бағыттары бойынша білім алып, тактикалық дайындық, саптық дайындық, атыс дайындығы, РХБҚ, жергілікті жерде бағдарлау және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша тәжірибелік сабақтардан өтті. Сонымен қатар, түрлі спорттық жарыстар мен әскери сайыстар ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің ептіліктері мен шыдамдылықтарын көрсетті. Оқу-дала жиындарының қорытындысы бойынша белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы … Read More «2026 жылғы 12-18 мамыр аралығында Ақсу қаласының 10-сынып оқушыларымен өткізілген 5 күндік оқу-дала жиындары өз мәресіне жетті.» »

2026 жылғы 14 мамыр күні оқу-дала жиындары барысында оқушылар тәжірибе жүзінде әскери дайындықтың бірнеше маңызды бағыттарын меңгерді.

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Атап айтқанда, тактикалық дайындық бойынша іс-әрекеттерді орындап, РХБҚ (радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс) ережелерімен танысты. Сонымен қатар, атыс дайындығы бойынша теориялық және практикалық тапсырмалар орындалды. Сондай-ақ оқушылар жергілікті жерде бағдарлау тәсілдерін үйреніп, компас арқылы және компассыз әскери бағытта бағдар анықтау әдістерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Әскери өмірдің тәртібімен танысып, командалық жұмыс пен бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын … Read More «2026 жылғы 14 мамыр күні оқу-дала жиындары барысында оқушылар тәжірибе жүзінде әскери дайындықтың бірнеше маңызды бағыттарын меңгерді.» »

Халықаралық Отбасы күніне орай «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы мүшелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуын арттыру болды.Сайысқа бірнеше отбасы қатысып, әр команда әке, ана және баладан құралды. Қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, таныстыру, эстафеталық жарыстар, логикалық тапсырмалар және шығармашылық кезеңдер ұйымдастырылды.Іс-шара барысында барлық қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Көрермендер қатысушыларға қолдау білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар марапатталды. Іс-шара өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.Ұйымдастырушы: Дене шынықтыру ӘБ

КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР, Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

7-11 мамыр күндері Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан 9,11,13 жас аралығында Облыс чемпионаты өтті.Бұл чемпионатқа біздің #2 БЖСМ-нің спортшылары қатысып,келесі нәтижелерге қол жеткізді.Классика түрінен:13 жас ұлдар арасында:🥇Мағжан Нұрәлі🥈Авилхан Жасын13 жас қыздар арасында:🥇Сакен Аймира🥉Амангельдиева Айым🥉Каркен Айя11 жас қыздар арасында:🥈Азат Назерке🥉Сапар Хабиба11 жас ұлдар арасында:🥉Нұркен Әлинұр9 жас қыздар арасында:🥈Балгабаева Аяулым9 жас ұлдар арасында:🥉Темірғалы АсқарБлиц түрінен:11 жас ұлдар арасында:🥇Ахметов Азим9 жас ұлдар арасында:🥈Темірғалы Асқар🥉Хайрол Рамазан🥉Ежиханов Асылхан9 жас қыздар арасында:🥉Балгабаева Аяулым13 жас қыздар арасында:🥈Каркен Айя🥉Сакен Аймира13 жас ұлдар арасында:🥈Авилхан Жасын🥉Базархан ЖансерікОрын алған спортшылар мен бапкері Сапарова Гульжан Мухаметкалиевнаны құттықтаймыз👏👏👏

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

2026 жылғы 6 мамыр күні Павлодар қаласында ҚКМ «Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» базасында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған облыстық саптық ән байқауы өтті.

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Байқауға Павлодар облысының қала және аудан командалары қатысты. Аталған сайыста Ақсу қаласының намысын мектебіміздің оқушылары қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Байқау төрт кезең бойынша өткізілді:1. Сыртқы келбет;2. Саптық жарғы бойынша теориялық білім;3. Салтанатты маршпен жүру;4. Әнмен жүру. Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің командасы келесі жетістіктерге ие болды:• «Сыртқы келбет» кезеңі — II орын;• «Саптық жарғы бойынша … Read More «2026 жылғы 6 мамыр күні Павлодар қаласында ҚКМ «Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» базасында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысы жауынгерлерін еске алуға арналған облыстық саптық ән байқауы өтті.» »

05.05.2026 күні дене шынықтыру апталығына орай және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне байланысты мектебімізде 9–10 сынып оқушыларының құрама командалары мен мұғалімдер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың дене дайындығын арттыру, әскери дағдыларын дамыту және патриоттық рухын қалыптастыру болды. Жарыс өте тартысты өтіп, қатысушылар өздерінің шеберліктерін, ептіліктерін және ұйымшылдығын көрсетті. Жарыс бағдарламасына келесі кезеңдер енгізілді:– кермеде тартылу;– пневматикалық мылтықтан оқ ату;– әскерилендірілген эстафета;– арқан тарту;– автоматты толық емес бөлшектеу және жинау. Жарыс қорытындысы бойынша:І орын – мұғалімдер командасы;ІІ … Read More «05.05.2026 күні дене шынықтыру апталығына орай және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне байланысты мектебімізде 9–10 сынып оқушыларының құрама командалары мен мұғалімдер арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.» »

05.05.2026 күні Абай атындағы мектепте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ерлік сабағы» жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру, елін, жерін қорғауға деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ жоғары әскери оқу орындарына түсу туралы бағыт-бағдар беру болды.Ерлік сабағына арнайы қонақтар шақырылып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен және қызмет жолдарымен бөлісті. Атап айтқанда, Павлодар облысы Ақсу қаласы мен Май ауданының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығының орынбасары, мобилизациялық бөлімшенің бастығы, майор Ерлан Сарсенбекұлы және ГСВГ (Германиядағы Кеңес әскерлері тобы) ардагері Мұхамедьяров Талгат Кадешұлы қатысты.

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Қонақтар оқушыларға Отан алдындағы борыш, әскери қызметтің маңызы, ерлік пен батырлық туралы әсерлі әңгімелер айтып, жастарды ел қорғауға, әскери мамандықты таңдауға шақырды. Сонымен қатар, жоғары әскери оқу орындарына түсу талаптары мен мүмкіндіктері жайлы пайдалы ақпарат берілді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Ақсу қаласының “Жас Сарбаз” әскери -патриоттық қозғалысы (@jas_sarbaz_aksu)

Posts pagination

1 2 … 5 Далее

Мектеп жұмысы

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ/ 9, 11 СЫНЫПТАР/
  • ПИЗА
  • ББЖМ
  • РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫ
  • 1-ші және 10-шы СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ
  • АСХАНА
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП»
  • «АҚҚУ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ
  • «МИРАС» ҰЛДАР КЛУБЫ
  • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ)
  • ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ/ 9, 11 СЫНЫПТАР/
  • ПИЗА
  • ББЖМ
  • РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫ
  • 1-ші және 10-шы СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ
  • АСХАНА
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП»
  • «АҚҚУ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ
  • «МИРАС» ҰЛДАР КЛУБЫ
  • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ)
  • ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

Copyright © 2026 Абай атындағы мектеп.