Халықаралық Отбасы күніне орай «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы мүшелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуын арттыру болды.Сайысқа бірнеше отбасы қатысып, әр команда әке, ана және баладан құралды. Қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, таныстыру, эстафеталық жарыстар, логикалық тапсырмалар және шығармашылық кезеңдер ұйымдастырылды.Іс-шара барысында барлық қатысушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Көрермендер қатысушыларға қолдау білдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар марапатталды. Іс-шара өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өтті.Ұйымдастырушы: Дене шынықтыру ӘБ