21-25 мамыр күндері аралығында Түркістан облысы,Түлкібас ауданындағы Түлкібас кентінде тоғызқұмалақтан Түркістан облыстық федерациясының IV республикалық ашық турнирі өтті.Ұлттық спортты ұлықтаған дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен және көршілес Қырғыз Республикасынан келген үздік спортшылар қатысты.Ауқымды жарысқа 11 облыс,2 қала және 7 ауданның спортшылары өз бақтарын сынады.Турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясы президенті Нұрғали Мылтықбаевтын қолдауымен спортшылар ақшалай сертификаттармен марапатталды.Бұл турнирге біздің #2 БЖСМ-нің спортшылары қатысып ,келесі нәтижеге қол жеткізді .11 -жас қыздар арасында:🥇Сапар Хабиба;13 жас қыздар арасында :🥇Сакен Аймира;🥉Каркен АйяСпортшылар мен бапкерін Сапарова Гульжан Мухаметкалиевнаны құттықтаймыз👏👏👏👏