Skip to content
Абай атындағы мектеп

Абай атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Басшы
    • Оқу — тәрбие жөніндегі басшының орынбасары
    • Мектеп психологтары, әлеуметтік педагог
    • Медициналық қызметкер
    • Бастауыш сынып мұғалімдері
    • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Шетел тілі мұғалімдері
    • Қоғамтану және тарих мұғалімдері
    • Биология, химия, география мұғалімдері
    • Математика, физика және информатика мұғалімдері
    • Музыка, сурет және технология мұғалімдері
    • Денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері
  • Байланыс
  • Русский

Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларының қатысуымен Жақсылық Үшкемпіровтың (1951-2020) 75 жылдығына орай «Жақсылық Үшкемпіров спорт шебері Олимпиада чемионы, әлем чемпионы” дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында қазақтың даңқты спортшысы, Жақсылық Үшкемпіров туралы кеңінен мәлімет берілді.Іс-шара барысында қатысушыларға спорттың адам өміріндегі маңызы, денсаулыққа пайдасы жөнінде түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, Жақсылық Үшкемпіровтың спортқа келу жолы, оның еңбекқорлығы мен табандылығы, үлкен жетістіктерге жету жолындағы қажырлы еңбегі жайында “Соңғы сұхбат” атты бейнебаяннан қызықты деректер баяндалып, викторина сұрақтарына белсенді жауап беріліп, спорт тақырыбына қатысты кітаптармен таныстырылды.Жасөспірімдер спортшының өмір жолынан үлгі алып, өз мақсаттарына жетуде жігерлі болуға шақырылды. Іс-шара тәрбиелік мәні зор, мазмұнды өтті.

Кітапхана, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ), Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

Құрметті ата-аналар, оқушылар, сынып жетекшілер❗️❗️❗️

Кітапхана

Оқу жылы аяқталуда, мектеп кітапханасына оқулықтарды қайтару уақыты да келді.Оқулықтар 18-25 мамыр аралығында 27 сәуір күнгі № 1-06/287 бұйрыққа сәйкес тапсырылады.🔰барлық оқулықтардың бар-жоғын және олардың жағдайын алдын ала тексеру қажет.🔰Оқулықтар бүлінсе немесе жоғалса, оларды дәл сондай жаңа оқулықтармен ауыстыру керек.🔰Кітапханадан алған көркем әдебиеттерді қайтару. ✅Оқушылар мен ата-аналарға өтініш:🔰оқулықтардан тыстарын алып тастау;🔰қажет болған жағдайда оқулықтарды желімдеу;🔰бетбелгілерді, … Read More «Құрметті ата-аналар, оқушылар, сынып жетекшілер❗️❗️❗️» »

Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларының қатысуымен Жақсылық Үшкемпіровтың (1951-2020) 75 жылдығына орай «Жақсылық Үшкемпіров спорт шебері Олимпиада чемионы, әлем чемпионы” дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында қазақтың даңқты спортшысы, Жақсылық Үшкемпіров туралы кеңінен мәлімет берілді.Іс-шара барысында қатысушыларға спорттың адам өміріндегі маңызы, денсаулыққа пайдасы жөнінде түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, Жақсылық Үшкемпіровтың спортқа келу жолы, оның еңбекқорлығы мен табандылығы, үлкен жетістіктерге жету жолындағы қажырлы еңбегі жайында “Соңғы сұхбат” атты бейнебаяннан қызықты деректер баяндалып, викторина сұрақтарына белсенді жауап беріліп, спорт тақырыбына қатысты кітаптармен таныстырылды.Жасөспірімдер спортшының өмір жолынан үлгі алып, өз мақсаттарына жетуде жігерлі болуға шақырылды. Іс-шара тәрбиелік мәні зор, мазмұнды өтті.

Кітапхана

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мектеп Кітапханасы (@aksu_abai_mektep_kitaphanasy)

«Балалап кітапханасы» жобасы аясында, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында, мектеп кітапханасында оқушылар «Үзілісте кітап оқу» атты күнделікті 8 минуттық кітап оқу ұйымдастырылады. Оқушылары кітапханаға келіп, сүйікті кітаптарын оқуда. Оқушылар кітаптар әлеміне қызыға еніп, әртүрлі ертегі мен аңыз әңгімелер , өлеңдер оқып,кітап оқуға құштарлықтары арта түсері анық.

Кітапхана

📝Үзіліс уақытын тиімді пайдалану, кітап оқу – өте жақсы әдет! Ол миыңды тынықтырып, ой-өрісіңді кеңейтеді.Үзілісте кітап оқиық! 📚📚 Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мектеп Кітапханасы (@aksu_abai_mektep_kitaphanasy)

8 мамыр күні мектеп кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Оларсыз бұл Жеңіс болмас еді…»тағылымдық тарихи сағат өтті.Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру. Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-құрмет көрсетуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Іс-шара барысында кітапханашы ата – бабаларымыздың қан майдандағы теңдессіз ерлігін құрметтеп, өскелең ұрпаққа оларды дәріптеп, Ұлы Жеңісті мәңгі есте сақтап, сұрапыл соғыстың орасан зияны мен зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз екендігін айтып, «Отан үшін отқа түскендер»,«Ұлы Отан соғысындағы ең жас қазақ батырлары» бейнефильм арқылы соғыс жылдарындағы тарихи деректер мен батырлар ерлігі таныстырылып, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б туралы мәліметтер ұсынылды. Қатысушы 9-10 сынып оқушылары тақырыпқа сай «Қазақстандық батырлар ерлігі» викториналық сұрақтарға жауап беріп белсене қатысты

Кітапхана

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мектеп Кітапханасы (@aksu_abai_mektep_kitaphanasy)

Қалалық тарихи- өлкентану музейінде өткен «Жеңіс күні: тарих және тағылым» атты дөңгелек үстелде «Тірі тарихтар» (интерактив)тақырыбы аясында мектебіміздің10 сынып окушылары Уахитова Назерке — соғысқа қатысқан аталары Рахымжанов Батыр Бекбауұлы, Туленов Сартай Әкімбекұлы,Даулеткер Дария — аталарыСейсембаев Қайыр, Мұңсызов Зейнолла Мұңсызұлы жайлы еске алып өмірбаянын және ерліктері мен отбасында сақталған жеке заттардың тарихымен белісті.

Кітапхана

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мектеп Кітапханасы (@aksu_abai_mektep_kitaphanasy)

6 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай қалалық тарихи- өлкентану музейінде «Жеңіс күні: тарих және тағылым» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға әскери шеңнін өкілдері, қалалық мектеп оқушылары мен кітапханашылары, ұстаздар қатысты.Мақсаты: оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына,ардагерлер мен Отан қорғаушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Осы орайда «Тірі тарихтар» (интерактив) тақырыбы аясында мектебіміздің 10 сынып окушылары белсенді қатысып Уахитова Назерке , Даулеткер Дариясоғысқа қатысқан аталары Рахымжанов Батыр Бекбауұлы, Туленов Сартай Әкімбекұлы, Сейсембаев Қайыр, Мұңсызов Зейнолла Мұңсызұлы жайлы еске алып отбасында сақталған жеке заттардың тарихымен белісті.Ал Жамалбай Анеля, Серикова Алуа Кеңес Одағының Батыры жерлес Қанаш Камзин жайлы фотосуреттері мен қысқаша өмірбаяны мен майдандағы ерліктері туралы айтып, Туленова Медина “Неліктен өткенді есте сақтау маңызды?» сұрағының жауабын берді.Шара барысы қонактардың Ғалым Султанов пен Юрий Лаптюгов әскери борышы туралы қызықты сәттері жайлы әңгімемен жалғасын тапты. Ал “Родные напевы” халық ансамблінің солисті Нина Курташева, “Достар” ансамблінің солистері Успанова Амина мен Ергали Расулбектің орындауында “Ты помни”, “Туған жер”, “Атамекен” әндерін паш етті.

Кітапхана

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мектеп Кітапханасы (@aksu_abai_mektep_kitaphanasy)

“7 мамыр — Отан қорғаушылар күні»,  « 9 мамыр — Жеңіс күні»  осы айтулы мерекелер қарсаңында мектеп кітапханасы оқырмандарына «Бейбіт күні жасасын!» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұсынды.Көрмеге қазақстандықтар мен Ақсулық жерлестеріміздің Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы ақпараттар, отандастарымыздың ерлігіне арналған кітаптар, ел тыныштығын сақтауға өлшеусіз үлес қосқан батырлар жайлы жазылған шығармалар,  фотоальбомдар мен өмірбаян очерктер, соғыс кезеңдері мен шайқас оқиғалары туралы тарихи деректерден мәліметтер, Жеңіс туралы жазылған ғылыми еңбектер мен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ғалымдардың  естеліктері ұсынылса, “Майдангер ақын- жазушылар” бөлімі қалам мен қаруды қатар ұстаған қазақ ақын-жазушыларымызға арналды.Сұрапыл соғыстың қақ ортасында жүріп, қан майданда ажалмен бетпе-бет келсе де берілген емес. Қайтақалың жұртты қанаттандырып,жалынды жырларымен, орамдыойларымен жауынгерлердің рухын көтеретін, батырлықтарын айқындайтын әдеби шығармалар мен өлеңдер және т.б. кітаптары қойылды.Мақсаты: оқушыларды  Отанды сүюге, ел қорғаған батырлардың бойындағы ержүректік ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.  Ата бабаларымыздың ерлігін, қайсар табандылығын насихаттау. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.   

Кітапхана

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мектеп Кітапханасы (@aksu_abai_mektep_kitaphanasy)

Мектеп кітапханасы жылдық қорытынды аясында дәстүр бойынша «Үздік оқырман – 2026» атты сайыс өткізді.Сайыстың мақсаты:Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру, мәтінді түсініп оқу және талдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру.Сайысқа барлығы бастауыш сыныптар арасынан 16 оқушы қатысты. Сайыс 3 кезеңді құрады. Бірінші кезең 1-кезең: «Сұрақ менен-жауап сізден» бұл кезеңде оқырмандарға өздері оқыған кітаптардан тест сұрақтары берілді. 2-кезең» : «АЛДАР КӨСЕ» Бұл кезеңде оқырмандар экранда көрсетілген Алдар көсенің қоржынға жасырылған сұрақтарына мүдірмей жауап беру. 3-кезең: «Шебер оқырман» бұл – шешуші кезеңде ақын жазушылардың фотосуреттерін дұрыс құрастырып олардың кім екендерін айтуы тиіс. Сайыс барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениеті айқын байқалды. Нәтижесінде үздік оқырмандар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.БАС ЖҮЛДЕ- Нұрболат Әмина 3 «Е» сынып оқушысы1️⃣ ОРЫН- Калемшарив Нұрали 4 «В» сынып оқушысы2️⃣ ОРЫН- Акбердиев Арман 3 «Е» сынып оқушысы3️⃣ ОРЫН- Ризабек Айдана 3 «Д» сынып оқушысыНоминациялар:“Озық оқырман” — Хурмангаз Ерасыл 3 «Д» сынып оқушысы“Кітапқұмар оқырман”- Еженхан Расул 3 «Е» сынып оқушысы“Талапты оқырман”- Елбол Ханшайым 3 «Е» сынып оқушысы“Алғыр оқырман”- Хурметбек Расул 4 «В» сынып оқушысы“Дарынды оқырман” — Мұхтар Мағжан 4 «В» сынып оқушысы“Үлгілі оқырмын”- Бактыбаева Хабиба 3 «Д» сынып оқушысы“Зерделі оқырман”- Бахит Аруоза 3 «Д» сынып оқушысы“Ізденімпаз оқырман” — Аманбол Ибраһим 3 «Е» сынып оқушысы“Зерек оқырман”- Исмоил Амиржан 3 «Е» сынып оқушысы“Білімді оқырман” — Қаламбек Кәусар 3 «Е» сынып оқушысы“Шығармашыл оқырман”-Дархан Нұрсезім 3 «Е» сынып оқушысы“Шебер оқырман”- Нұркен Ахмедияр 3 «Е» сынып оқушысы.Жүлдегерлер мен номинанттар мадақтамалармен марапатталды және ең бағалы сыйлық кітапқа ие болды.

Кітапхана, Тәрбие беру жұмысы

Іс-шараны өткізген: Мектеп кітапханашылары. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

Мектеп кітапханашылары танымал ғалым, дарынды композитор, өнегелі ұстаз Ахмет Жұбановтың туғанына (1906-1968) 120 жыл толуына орай «Бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан –Ахмет Жұбанов» атты танымдық сағат 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізді.Танымдық шараның мақсаты – қазақ музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті композитор, дирижер, ғалым Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау,өнер жолын таныстыру болды.Шара барысында Ахмет Жұбановтың өмірбаяны мен өнер жолы туралы мәліметтер айтылып, өмір жолы,естеліктер жайлы бейнебаян көрсетіліп, қазақ музыкасының дамуына қосқан еңбегі туралы кеңінен әңгімеленді, композиторлық еңбектері мен ғылыми зерттеулері туралы кеңінен ақпарат берілді . Сонымен қатар, композитордың «АҚ КӨГЕРШІН» әні орындалды .Іс-шара соңында қатысушыларға сұрақтар қойылып, қызықты танымдық «Ахмет Жұбанов» атты викторинамен өрбіді. Қатысушылар қазақ музыка өнерінің дамуына зор үлес қосқан тұлға туралы тың мәліметтер алып, өз ойларымен бөлісті.

Кітапхана, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

Posts pagination

1 2 … 22 Далее

Мектеп жұмысы

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ/ 9, 11 СЫНЫПТАР/
  • ПИЗА
  • ББЖМ
  • РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫ
  • 1-ші және 10-шы СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ
  • АСХАНА
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП»
  • «АҚҚУ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ
  • «МИРАС» ҰЛДАР КЛУБЫ
  • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ)
  • ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ/ 9, 11 СЫНЫПТАР/
  • ПИЗА
  • ББЖМ
  • РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫ
  • 1-ші және 10-шы СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ
  • АСХАНА
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП»
  • «АҚҚУ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ
  • «МИРАС» ҰЛДАР КЛУБЫ
  • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ)
  • ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

Copyright © 2026 Абай атындағы мектеп.