Skip to content
Абай атындағы мектеп

Абай атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Басшы
    • Оқу — тәрбие жөніндегі басшының орынбасары
    • Мектеп психологтары, әлеуметтік педагог
    • Медициналық қызметкер
    • Бастауыш сынып мұғалімдері
    • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Шетел тілі мұғалімдері
    • Қоғамтану және тарих мұғалімдері
    • Биология, химия, география мұғалімдері
    • Математика, физика және информатика мұғалімдері
    • Музыка, сурет және технология мұғалімдері
    • Денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері
  • Байланыс
  • Русский

5-сыныптар арасында ата- аналарға арналған “Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасыаясында “Ата — аналарға арналған сабақтар”өткізілді. Сабақтың мақсаты: жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін жағдай жасау: қорғану ережелерін және отбасылық сенім және жеке кеңістікті қабылдау шарттарын қалыптастыру.Жиналыс нәтижесінде ата-аналардың жасөспірімнің жеке кеңістігіне құрметпен қарау, сенімге негізделген қарым-қатынас орнату және зорлық-зомбылықтың алдын- алу бойынша білімдері кеңейді.Өткізілген жұмыстар отбасы ішіндегі өзара түсіністікті нығайтуга және баланың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.Сынып жетекшілері: Мурат С., Усманова Г.Е.,Телеуберд А., Молдатаева Б.Н., Рымбек Ж.,Әбілханова Г.Б., Хурметбек А., Арынтаева Л.Ж.

СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

2026 жылғы 27 сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Мәдениет заңнан басталады: заманауи әлемдегі жауапты ата-ана» тақырыбында форум өткізілді. Іс-шараға 1–11 сынып оқушыларының ата-аналары, педагогтер ұжымы және мектеп әкімшілігі қатысты. Сонымен қатар Ақсу қаласының білім бөлімі, полиция бөлімі және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері арнайы шақырылды.

Мектеп тынысы, СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ, Тәрбие беру жұмысы

Форум барысында төтенше жағдайлар бөлімінің Азаматтық қорғау майоры Торехан Жанибек және Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Баймбет Алмас Айтмухамбетович баяндама жасап, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Кездесу аясында бала тәрбиесі, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік тақырыптары кеңінен … Read More «2026 жылғы 27 сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Мәдениет заңнан басталады: заманауи әлемдегі жауапты ата-ана» тақырыбында форум өткізілді. Іс-шараға 1–11 сынып оқушыларының ата-аналары, педагогтер ұжымы және мектеп әкімшілігі қатысты. Сонымен қатар Ақсу қаласының білім бөлімі, полиция бөлімі және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері арнайы шақырылды.» »

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ бәріміз тату-тәттіміз» атты жарқын флешмоб ұйымдастырылды 🇰🇿Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, өзара сыйластықты және ұлттар арасындағы бірлікті нығайту. Флешмоб барысында оқушылар бір ырғақпен қимылдап, татулық пен келісімнің әдемі көрінісін паш етті.Іс-шараға 1 “г”, “д”, “е” үйірме сыныптары белсенді қатысты.Бұл шара – бірлік пен ынтымақтың, ортақ құндылықтарға деген құрметтің айқын дәлелі.Біз әртүрліміз – бірақ біргеміз! ✨

Тәрбие беру жұмысы

Жетекші: Серікбай Данна Серікқызы Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде «Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ бәріміз тату-тәттіміз» атты челлендж ұйымдастырылды.Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, сыйластықты және ұлттар арасындағы бірлікті нығайту.

Мектеп тынысы, Тәрбие беру жұмысы

Біз әртүрліміз – бірақ біргеміз! 🇰🇿 Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

23 сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында 7–10 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері Белялов Ризабек Сәтбекұлы «Мектептегі буллинг және кибербуллинг: кім кінәлі және не істеу керек?» тақырыбында дәріс өткізді.Дәріс барысында буллинг пен кибербуллингтің түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары түсіндірілді. Оқушыларға құқықтық жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық туралы маңызды ақпарат берілді.Кездесу соңында оқушылар сұрақ қойып, пайдалы жауаптар алды.

СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

2026 жылдың 25 сәуірі күні Абай атындағы ЖОББ мектебінде облыстық сенбілік аясында мектеп аумағын тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп ұжымы белсенділік танытып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.Бірлесе атқарылған еңбек нәтижесінде мектеп ауласы көркейіп, тазалық пен тәртіптің үлгісі көрсетілді. Осындай игі бастамалар ұжымның ұйымшылдығын арттырып, табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастырады.Тазалық – ортақ іс! 🌿

Мектеп тынысы, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

22.04 күні Қалқаман мектебінде ата-аналар мен оқушылар арасында өткен әскери-патриоттық «Жас сарбаз» жарысында 16 команда ішінен біздің мектеп жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды.

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Жарыс барысында қатысушылар келесі кезеңдер бойынша бақ сынасты:– АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау;– Кермеде тартылу;– Пневматикалық мылтықтан оқ ату. Команда құрамы:Шуахбаев Ринат – Шуахбаева Райана (7 «д» сынып), Шуахбаева Дильназ (3 «д» сынып) оқушыларының әкесі;Әдейхан Ерболат – Әдейхан Ернар (11 «а»), Әдейхан Айару (7 «ә» сынып) оқушыларының әкесі;Жамсатов Мирас – 10 «ә» сынып;Боранбаев … Read More «22.04 күні Қалқаман мектебінде ата-аналар мен оқушылар арасында өткен әскери-патриоттық «Жас сарбаз» жарысында 16 команда ішінен біздің мектеп жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды.» »

2026 жылдың 23 сәуірі күні Абай атындағы ЖОББ мектебіне Ақсу қара металлургия колледжінен мамандар келіп, 9–11 сынып оқушылары арасында әр түрлі мамандықтар туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орнының мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және студенттерге жасалатын жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат берді.Сонымен қатар, оқушыларға техникалық және кәсіптік білімнің артықшылықтары түсіндіріліп, болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы айтылды. Мамандар металлургия саласындағы сұранысқа ие кәсіптерге тоқталып, олардың еңбек нарығындағы орны мен болашағы туралы мәліметтер ұсынды.

Кәсіптік бағдар, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және білім алушылардың болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9–11 сынып оқушылары Жаяу Мұса атындағы көпсалалы Ақсу жоғары колледжіне «Технологиялық тур: 3D, VR, Smart-жүйелер» атты шеберлік сабағына қатысты.Шара барысында оқушылар заманауи технологиялармен танысып, 3D модельдеу, VR (виртуалды шындық) құралдары және Smart-жүйелердің жұмыс істеу принциптері туралы тәжірибелік түрде мағлұмат алды. Қатысушылар жаңа құрылғыларды қолданып көріп, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін өз көздерімен көрді.Арнайы мамандар оқушыларға IT саласы мен инженерлік бағыттағы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат беріп, болашақта сұранысқа ие кәсіптерге бағыт-бағдар көрсетті.

Ата-аналарға арналған ақпарат, Жаңалықтар, Кәсіптік бағдар, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

23 сәуір кітап күніне орай мектеп кітапханасында “Ұлттық кітап күні” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің негізгі мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақты білім мен парасаттылыққа баулу.Көрмеге кітап туралы цитаталар мен балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттер және белгілі қаламгерлер жайлы ақпараттар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Кітапхана, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

Posts pagination

Назад 1 … 6 7 8 … 35 Далее

Мектеп жұмысы

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ/ 9, 11 СЫНЫПТАР/
  • ПИЗА
  • ББЖМ
  • РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫ
  • 1-ші және 10-шы СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ
  • АСХАНА
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП»
  • «АҚҚУ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ
  • «МИРАС» ҰЛДАР КЛУБЫ
  • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ)
  • ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ/ 9, 11 СЫНЫПТАР/
  • ПИЗА
  • ББЖМ
  • РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫ
  • 1-ші және 10-шы СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ
  • АСХАНА
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП»
  • «АҚҚУ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ
  • «МИРАС» ҰЛДАР КЛУБЫ
  • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ)
  • ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

Copyright © 2026 Абай атындағы мектеп.