1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ бәріміз тату-тәттіміз» атты жарқын флешмоб ұйымдастырылды 🇰🇿Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, өзара сыйластықты және ұлттар арасындағы бірлікті нығайту. Флешмоб барысында оқушылар бір ырғақпен қимылдап, татулық пен келісімнің әдемі көрінісін паш етті.Іс-шараға 1 “г”, “д”, “е” үйірме сыныптары белсенді қатысты.Бұл шара – бірлік пен ынтымақтың, ортақ құндылықтарға деген құрметтің айқын дәлелі.Біз әртүрліміз – бірақ біргеміз! ✨