23 сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында 7–10 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері Белялов Ризабек Сәтбекұлы «Мектептегі буллинг және кибербуллинг: кім кінәлі және не істеу керек?» тақырыбында дәріс өткізді.Дәріс барысында буллинг пен кибербуллингтің түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары түсіндірілді. Оқушыларға құқықтық жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық туралы маңызды ақпарат берілді.Кездесу соңында оқушылар сұрақ қойып, пайдалы жауаптар алды.