2026 жылдың 23 сәуірі күні Абай атындағы ЖОББ мектебіне Ақсу қара металлургия колледжінен мамандар келіп, 9–11 сынып оқушылары арасында әр түрлі мамандықтар туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орнының мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және студенттерге жасалатын жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат берді.Сонымен қатар, оқушыларға техникалық және кәсіптік білімнің артықшылықтары түсіндіріліп, болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы айтылды. Мамандар металлургия саласындағы сұранысқа ие кәсіптерге тоқталып, олардың еңбек нарығындағы орны мен болашағы туралы мәліметтер ұсынды.