Skip to content
Абай атындағы мектеп

Абай атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Басшы
    • Оқу — тәрбие жөніндегі басшының орынбасары
    • Мектеп психологтары, әлеуметтік педагог
    • Медициналық қызметкер
    • Бастауыш сынып мұғалімдері
    • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Шетел тілі мұғалімдері
    • Қоғамтану және тарих мұғалімдері
    • Биология, химия, география мұғалімдері
    • Математика, физика және информатика мұғалімдері
    • Музыка, сурет және технология мұғалімдері
    • Денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері
  • Байланыс
  • Русский

2026 жылдың 23 сәуірі күні Абай атындағы ЖОББ мектебіне Ақсу қара металлургия колледжінен мамандар келіп, 9–11 сынып оқушылары арасында әр түрлі мамандықтар туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орнының мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және студенттерге жасалатын жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат берді.Сонымен қатар, оқушыларға техникалық және кәсіптік білімнің артықшылықтары түсіндіріліп, болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы айтылды. Мамандар металлургия саласындағы сұранысқа ие кәсіптерге тоқталып, олардың еңбек нарығындағы орны мен болашағы туралы мәліметтер ұсынды.

Кәсіптік бағдар, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және білім алушылардың болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9–11 сынып оқушылары Жаяу Мұса атындағы көпсалалы Ақсу жоғары колледжіне «Технологиялық тур: 3D, VR, Smart-жүйелер» атты шеберлік сабағына қатысты.Шара барысында оқушылар заманауи технологиялармен танысып, 3D модельдеу, VR (виртуалды шындық) құралдары және Smart-жүйелердің жұмыс істеу принциптері туралы тәжірибелік түрде мағлұмат алды. Қатысушылар жаңа құрылғыларды қолданып көріп, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін өз көздерімен көрді.Арнайы мамандар оқушыларға IT саласы мен инженерлік бағыттағы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат беріп, болашақта сұранысқа ие кәсіптерге бағыт-бағдар көрсетті.

Ата-аналарға арналған ақпарат, Жаңалықтар, Кәсіптік бағдар, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

23 сәуір кітап күніне орай мектеп кітапханасында “Ұлттық кітап күні” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің негізгі мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақты білім мен парасаттылыққа баулу.Көрмеге кітап туралы цитаталар мен балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттер және белгілі қаламгерлер жайлы ақпараттар қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Кітапхана, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

“Kitap шоу — 2026” қалалық кітап фестивалі өтті.📚📚📚

Жаңалықтар, Кітапхана, Тәрбие беру жұмысы

“Kitap шоу — 2026” қалалық кітап фестивалі өтті.📚📚📚Кітапты сүйетін, білім мен оқуды бағалайтын жандарды біріктіретін ерекше шара “Aksu mall” сауда үйінде өтті. Оған Ақсу каласы әкімініңорынбасары Ризагул Негманова, Ақсу қалалық маслихатының,депутаты Канатбек Байманов, зиялы қауым өкілдері, өңір кітапханашылары мен оқырмандар қатысты. Шара барысында әлем әдебиеті, балалар әдебиеті, жаңа кітаптар және жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларынанқамтитын кітап көрмелері … Read More «“Kitap шоу — 2026” қалалық кітап фестивалі өтті.📚📚📚» »

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Ата-аналарға арналған ақпарат

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!“Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі” КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына, соның ішінде соңғы қоңырау мерекесі мен қорытынды аттестаттау кезеңіне (4, 9, 11-сынып бітірушілеріне қатысты) байланысты төмендегі маңызды талаптар мен ескертулерді хабарлайды:-Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге сыйлық беру, сондай-ақ ата-аналар арасында қаражат жинау әрекеттеріне қатаң тыйым … Read More «АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!» »

Мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы » жобасы аясындаөскелең ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітап оқитын мектеп » интеллектуалды байқаудың мектепішілік іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.Интеллектуалдық додаға 6 сынып оқушылары қатысты.Жобаның басты мақсаты — жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттырып, бос уақытын тиімді өткізуге, яғни кітап оқу арқылы жан-жақты даму мүмкіндігін беру. Іріктеу кезеңнің жеңімпаздары:Саяхат Али    Бастемиева Анель                                                           Анисар АрайҚалалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз! 🥳🎉🤝👏

Кітапхана

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мектеп Кітапханасы (@aksu_abai_mektep_kitaphanasy)

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026 жылдың 21 сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде ата-аналарға арналған «Менің балам мамандық таңдайды» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингті мектеп психологі Д.Г. Искакова жүргізді.Тренингтің мақсаты – ата-аналарға балаға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, оның қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып қолдау көрсету, сондай-ақ болашақ кәсібін саналы таңдауға көмектесу жолдарын түсіндіру.

Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

21 сәуір күні Абай атындағы ЖОББ мектебінің 9”г” сынып оқушыларының қатысумен “Чернобыль апаты – ғасыр зұлматы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.1986 жылы 26 сәуірде болған бұл қайғылы оқиға адамзат тарихындағы ең ірі ядролық апаттардың бірі болып қалды. Мыңдаған адам зардап шегіп, табиғатқа орасан зиян келді.Бұл оқиға бізге қауіпсіздік, жауапкершілік және бейбіт өмірдің қадірін түсіндіреді. Тарихтан сабақ алып, болашаққа сеніммен қадам басайық.Өткізген: Аңсар Н

Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

Мектебімізде пластик қалпақшаларды жинау акциясы өтуде. Акцияға 1 “Е” сыныбының оқушылары белсенділік танытып,қатысуда. Бұл – кішкентай қадам арқылы үлкен жақсылық жасауға мүмкіндік!

Тәрбие беру жұмысы

Жиналған қалпақшалар қайта өңдеуге жіберіліп, қайырымдылық мақсатқа жұмсалады. Әрбір қалпақша – бір игі іске қосқан үлес 🌱 Баршаңызды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!Бірге табиғатты қорғайық, бірге жақсылық жасайық! ✨Сынып жетекшісі: Жакенова С.М. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

23 сәуір -Ұлттық кітап күні📚📚📚

Кітапхана

✅“Бір кітап-мың ой” атты кезең аясында жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасы желісімен қойылым.Орындаушылар:8 сынып оқушыларыЖетекші: Шалабаева С.Г. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Мектеп Кітапханасы (@aksu_abai_mektep_kitaphanasy)

Posts pagination

Назад 1 … 48 49 50 … 127 Далее

Мектеп жұмысы

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ/ 9, 11 СЫНЫПТАР/
  • ПИЗА
  • ББЖМ
  • РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫ
  • 1-ші және 10-шы СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ
  • АСХАНА
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП»
  • «АҚҚУ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ
  • «МИРАС» ҰЛДАР КЛУБЫ
  • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ)
  • ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ/ 9, 11 СЫНЫПТАР/
  • ПИЗА
  • ББЖМ
  • РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫ
  • 1-ші және 10-шы СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ
  • АСХАНА
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП»
  • «АҚҚУ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ
  • «МИРАС» ҰЛДАР КЛУБЫ
  • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ)
  • ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ

Copyright © 2026 Абай атындағы мектеп.