АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
“Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі” КММ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына, соның ішінде соңғы қоңырау мерекесі мен қорытынды аттестаттау кезеңіне (4, 9, 11-сынып бітірушілеріне қатысты) байланысты төмендегі маңызды талаптар мен ескертулерді хабарлайды:
-Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге сыйлық беру, сондай-ақ ата-аналар арасында қаражат жинау әрекеттеріне қатаң тыйым салынады.
-Әртүрлі аниматорларды, ойын-сауық студиялары мен агенттіктерді шақыруға рұқсат етілмейді.
-Мектептің жөндеу жұмыстары немесе санитарлық-шаруашылық қажеттіліктеріне байланысты оқушылардан немесе ата-аналардан қаржы жинауға болмайды.
-Оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орындарына, мейрамханалар мен дәмханаларға және басқа да қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.
-Мектеп аумағында немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға және осыған байланысты қаражат жинауға жол берілмейді.
-Қорытынды аттестаттау кезінде оқушылар мектеп формасын сақтап, тәртіп пен жауапкершілік талаптарын орындауы тиіс.
ЕСКЕРТУ:
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына бірдей деңгейде қолданылады. Бұл шектеулер әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар!
Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтауларыңызды және балаларыңыздың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймыз. Мектеп ұжымы әрбір оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты міндеті деп біледі.
