“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026 жылдың 21 сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде ата-аналарға арналған «Менің балам мамандық таңдайды» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингті мектеп психологі Д.Г. Искакова жүргізді.Тренингтің мақсаты – ата-аналарға балаға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, оның қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып қолдау көрсету, сондай-ақ болашақ кәсібін саналы таңдауға көмектесу жолдарын түсіндіру.