03.07 күні «Бақытты балалық шақ – заңмен қорғалған» тақырыбында 1–10 сынып оқушыларына бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик арқылы оқушылар бала құқықтары, олардың қауіпсіздігі мен заңмен қорғалуы туралы маңызды ақпарат алды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу.