03.07 күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебімізде 1–10 сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ – заңмен қорғалған» тақырыбында Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.Іс-шара барысында оқушыларға бала құқықтары, олардың қауіпсіздігі және заңмен қорғалуы туралы маңызды ақпарат берілді. Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа негізгі қағидаттары түсіндіріліп, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері жөнінде әңгіме жүргізілді.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге, заңды құрметтеуге және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ету.Іс-шараға мектеп инспекторы Қуан Рауангүл қатысты.