03.07 күні Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында «Бәйтерекке жол» атты танымдық квест ойыны ұйымдастырылды.Оқушылар түрлі бекеттерден өтіп, логикалық тапсырмалар орындап, тапқырлықтарын, ұйымшылдықтарын және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Әрбір кезең балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, достық пен бірліктің маңызын сезінуге мүмкіндік берді.Осындай танымдық ойындар арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, шығармашылық қабілеттері дамып, бос уақыттары мазмұнды өтті.✨ Көңілді сәттер, жарқын эмоциялар және жаңа жетістіктер – «Бәйтерекке жол» квест ойынының басты нәтижесі!