«Күншуақ» сауықтыру лагерінің «Жазғы Life» тобында 2 маусым күні «Жол ережесін білейік – аман-есен жүрейік!» атты танымдық іс-шара өткізілді.Іс-шара барысында мектеп инспекторы Қуан Рауангүл оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қауіпсіздік шаралары туралы маңызды мәліметтермен бөлісті. Балалар жол белгілерін қайталап, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жол қозғалысы ережелерін сақтау дағдыларын жетілдіру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.