Іс-шара барысында балалар өз есімдерін, қызығушылықтарын, сүйікті істері мен армандарын айтып, бір-бірі туралы жаңа мәліметтер білді. Қызықты ойындар мен сергіту жаттығулары арқылы оқушылар белсенділік танытып, өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытты.
Тренинг соңында балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты. Осындай әсерлі кездесулер достықтың нығаюына және лагерьдегі қызықты күндердің басталуына жол ашады.
Жетекші: А.Ж. Дандыбаева
