Күншуақ» сауықтыру лагерінде 2 маусым күні «Жазғы Life» тобының ұйымдастыруымен «Сандық Арт» (Ертегілер әлеміне ойын-саяхат) атты қызықты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, түрлі тапсырмаларды орындады. Қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Сонымен қатар интербелсенді тақта арқылы сурет салып, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Балалар уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізіп, ертегілер әлемінен ерекше әсер алды. Жетекшілері: Доспергенова Г.Е. Кабдуллина Д.С.