📌 2026 жылғы 16 сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде оқушылар арасында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында маңызды тәрбиелік кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге зиянды әдеттердің салдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
👥 Кездесуге мектеп инспекторы Қуан Рауангүл қатысып, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол өз сөзінде зиянды әдеттердің, атап айтқанда темекі шегу, алкоголь және басқа да тәуелділік түрлерінің адам ағзасына тигізетін зияны туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, мұндай әдеттердің тек денсаулыққа ғана емес, тұлғалық дамуға, білім алуға және болашақ өмірге де кері әсер ететіні атап өтілді.
