2026 жылдың 16 сәуірі күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимова А.А. мен мектеп инспекторы Қуан Рауангүл оқушылар арасында жол қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға мопед, скутер және велосипедпен жүрудің қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін сақтау, арнайы қорғаныс құралдарын пайдалану, жолда абай болу және өз өміріне жауапкершілікпен қарау қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, оқушыларға көлік құралдарын басқару кезінде жылдамдықты асырмау, жаяу жүргіншілерге құрметпен қарау және жол белгілеріне бағыну керектігі ескертілді.
Мұндай түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – жасөспірімдердің жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу.
