8 сәуір Абай атындағы ЖОББ мектебінде «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, айналамызды тазарту және көркейту жұмыстары жүргізілді 🌿
Мектеп ұжымы бірлесе еңбек етіп, мектеп ауласын тазалап, табиғатқа деген қамқорлықтарын көрсетті. Әрбір жиналған жапырақ пен тазаланған аула – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі 🍃
Сенбілік – тек тазалық шарасы ғана емес, ол – тәрбие, жауапкершілік және бірлік мектебі. Осындай игі істер арқылы біз қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттырып, салауатты әрі таза қоғам қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз 🤍
Тазалық – әрқайсымыздан басталады!
