Абай атындағы ЖОББМ 2-11 сынып оқушылары аралығында 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай кең ауқымды кросс және түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды 🏃♂️
Іс-шараға оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Қатысушылар өздерінің ептілігі мен төзімділігін, жылдамдығын көрсетіп, жарыс тартысты әрі қызықты өтті.
Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру және белсенді өмір салтын қалыптастыру.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз! Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз
