8- ші сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Баланың қауіпсіздігі – Біздің ортақ жауапкершілігіміз!» атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиынға арнайы мамандар қатысып, өзекті мәселелер бойынша маңызды ақпараттармен бөлісті:
🔹 Құқықбұзушылықтың алдын алу: Ақсу қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Сагатова Мөлдір Серіковна бала тәрбиесі мен заңдылықты сақтау төңірегінде сөз қозғады.
🔹 Құқықтық сауаттылық: Учаскелік полиция майоры Құрманғалиева Лаура Жаныбековна және полиция капитаны Қуан Рауангүл кәмелетке толмағандар арасындағы қауіпсіздік шараларын түсіндірді.
🔹 Төтенше жағдайлардың алдын алу: Азаматтық қорғау тобының офицері, капитан Сейтқазы Сырым Қуатұлы өрт қауіпсіздігі мен көктемгі сең,мұз және су тасқыны кезінде сақтық шаралары туралы алгоритмдерді таныстырды.
🔹 Мамандық таңдау: Жаяу Мұса және Қара металлургия колледждерінің ұстаздары түлектерге кәсіптік бағдар беріп, саналы таңдау жасаудың маңызын айтты.
Баланың амандығы мен жарқын болашағы – бәрімізге ортақ іс! Сондықтан ата-ана мен мектеп, құзырлы органдар бірлесе жұмыс істеуі тиіс.
