«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап әлеміне саяхат» 1 «З» сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды кітап әлемімен таныстыру, кітап оқу қызығушылығын арттыру,оқу белсенділігін арттыру. «Кітап әлемі» атты кітапханаға саяхат 1-сынып оқушылары үшін қызықты әрі танымды іс-шара болды. Балалар кітапханадағы түрлі кітаптармен, бөлімдермен және кітапхана ережелерімен танысты. Кітаптың қалай сақталатыны, оны қалай алу керектігі туралы мағлұмат алып, ертегілер мен балаларға арналған әдебиеттермен алғаш рет жақын танысты.
Сынып жетекші: Хуаныш Ж.
