Бүгін қалалық орталық кітапханада қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақыны, барша қазақ үшін мәртебесі биік ақиық ақынның туған күніне орай, мектеп оқушыларының қатысуымен «Мәңгілік ғұмыр» атты еске алуға арналған поэтикалық кеш өтті. Кеш шымылдығы әсерлі поэтикалық сөздермен ашылып, жүргізушілер ақынның өмірі мен шығармашылығына терең тоқталды. Поэтикалық кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған «Сәби болғым келеді» әні орындалып ерекше әсер қалдырды. Біздің мектебіміздің оқушылары Харақатқызы Раян «Шеше», Өмірхан Әдемі «Үш бақытым, Айнабек Гүлназ «Бүгін менің туған күнім»,Нышанбек Гүлсезім «Туған жерге», Батырбек Айсымбат «Ей өмір» ақын жырларын мәнерлеп оқыды.
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын, – деп жырлаған Мұқағали Мақатаев тірі болғанда 95 жасқа келер еді.
