Мақсаты: 1-сынып оқушыларын кітапхана өмірімен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. 1 «А» сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Бүлдіршіндер кітапхана ережесімен, кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныс болды. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған журналдар топтамаларын қызыға тамашалады.
Сынып жетекші: Доспергенова Г.Е.
