21 қазан бастауыш сынып оқушыларымен «Ертегілер еліне саяхат» атты кітап оқу сағаты өткізілді.
Мақсаты:Балалардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту, халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру және ертегілер арқылы адамгершілік, мейірімділік, адалдық сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Қазақ халық ертегілері арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.Балалардың сөйлеу мәдениетін, есте сақтау, өз ойын жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
«Ертегілер еліне саяхат» – бұл балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, қиял әлеміне жетелейді. Оқушылар ертегілер бойынша сұрақтарға жауап беріп, «Соңғы кітап» ертегісін көрді. Оқушылар кітап оқу сағатына белсенді қатысты.
