Skip to content
Абай атындағы мектеп

Абай атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Басшы
    • Оқу — тәрбие жөніндегі басшының орынбасары
    • Мектеп психологтары, әлеуметтік педагог
    • Медициналық қызметкер
    • Бастауыш сынып мұғалімдері
    • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Шетел тілі мұғалімдері
    • Қоғамтану және тарих мұғалімдері
    • Биология, химия, география мұғалімдері
    • Математика, физика және информатика мұғалімдері
    • Музыка, сурет және технология мұғалімдері
    • Денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері
  • Байланыс
  • Русский

21 қазан Ақсу қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруыменҰлы Жеңістің 80 жылдығы мен Республика күніне орайҚазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері жазушы-журналист, сатирик Ғалымбек Жұматовтың «Ленинград: от пен мұз» кітабының таныстырылымы өткізілді.

Ата-аналарға арналған ақпарат, Кітапхана

21 қазан Ақсу қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Республика күніне орай
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері жазушы-журналист, сатирик Ғалымбек Жұматовтың «Ленинград: от пен мұз» кітабының таныстырылымы өткізілді.
Роман — Екінші дүниежүзілік соғыстың ең қайғылы әрі қаһармандық кезеңдерінің бірі – Ленинград блокадасы, сол майданда шайқасқан қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, сондай-ақ, соғысқа дейінгі геосаяси текетірес, алып державалар арасындағы астыртын саясат, дүниежүзілік үстемдікке талас сияқты тарихи тақырыптарды кең көлемде қамтитын көркем туынды.
Кітапта тарихи фактілермен қатар, нақты кейіпкерлердің тағдыры арқылы оқырман ХХ ғасырдың ең сұрапыл кезеңіне терең үңіледі. Автор тек әскери оқиғаларды емес, соғыстың себебі мен салдарын, мемлекеттер арасындағы мүдделер қақтығысын да көркем тілмен жеткізген.Тағдырдың тәлкегімен үш революцияның отаны болған шаһар үшін шайқасқа әкелі-балалы Сағымбай мен Нығмет Жұматовтар қатысқан. Қатысып қана қоймай, Ленинград блокадасын бұзып өтуге жол ашқан 1943 жылғы «Искра» және 1944 жылғы Ленинград-Новгород секілді аса маңызды операцияларға белсене қатысқан. Нығмет Жұматов болса, жаудың Пантера – Вотан шебін бұзу кезінде қаза тапты.
Отыз алты бөлімнен тұратын тарихи шығармада осы аталған кейіпкерлердің майдандағы ерліктері, замандастарымен қарым-қатынастары, командирлерінің іс-әрекеттері арқылы Солтүстік майдан тарихы ашылады.
Іс-шара барысында жазушы кітап жазу барысындағы өзінің басынан өткен қызығы мен шыжығы қатар жүрген оқиғаларымен бөлісті. Сонымен қатар жазушы белсенділік танытып қызықты сұрақ қойған оқушыға өзінің қолтаңбасымен кітабын сыйға тартатынын айтты. Мектебіміздің 9 “Ә” сынып оқушысы Құрманғазы Мадина жазушыға сұрақ қою арқылы жазушы-журналист,сатирик Ғалымбек Жұматовтың қолтаңбасы қойылған кітаптың иегері болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мектеп Кітапханасы (@aksu_abai_mektep_kitaphanasy)

Навигация по записям

❮ Previous Post: 21 қазан бастауыш сынып оқушыларымен «Ертегілер еліне саяхат» атты кітап оқу сағаты өткізілді.Мақсаты:Балалардың қиялын, шығармашылық қабілетін дамыту, халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру және ертегілер арқылы адамгершілік, мейірімділік, адалдық сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.
Next Post: Республика күні қарсаңындаАбай мектебінің 9 сынып оқушылары қалалық орталық кітапхана ұйымдастырған «Менің Қазақстаным — менің Отаным» атты викторинаға белсенді қатысты. ❯

Мектеп жұмысы

  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫ
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • АСХАНА
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫ
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • АСХАНА
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Copyright © 2025 Абай атындағы мектеп.