Абай атындағы ЖОББ мектеп кітапханасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен 20 қазан күні Республика күніне орай ұлтжанды, өз елін, туған жерін сүйе білетін адам қандай қасиеттерге ие болу керектігін білу; — жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыра білу мақсатында 6 сынып оқушыларымен «Туған елдің тамыры -тарихта» тақырыбында интеллектуалды сайыс ойыны өтті.
Іс –шара әнұранмен бастау алды, кейін оқушылар «Ел тарихы», «Қандай мейрам?» , «Суреттер сөйлейді» , «Жалғасын тап», «Рәміздер», «Тапқыр болсаң, тауып көр» тақырыптар бойынша белсенді сынға түсіп, білімдерін көрсету арқылы Қазақстан Республикасының сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының елеулі оқиғаларын атап, ел тарихына терең үңіліп, еліміз үшін ерекше маңызы бар оқиғалар туралы естеліктерімізді жаңғырта білді.
Іс-шара соңында кітапханашы «Қыран елім-Қазақстан» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, оқушылар көрмедегі кітаптармен танысты.
