16 қазан күні мектеп кітапханасында 25 қазан — Республика күніне орай «Қыран елім-Қазақстаным» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отанға деген патриоттық сезімді және мақтаныш сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасы туралы білімдерін нығайту. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрмеге Қазақстанның дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуын, еліміздің жетістіктері мен толайым табыстарын баяндайтын кітаптар және мәдениеті мен табиғаты туралы кітаптар ұсынылды.
Көрме оқырмандарды туған жер туралы кітап оқуға, оның өткенін зерттеуге және бүгінгі күнін бағалауға шақырады.
