“7 мамыр — Отан қорғаушылар күні», « 9 мамыр — Жеңіс күні» осы айтулы мерекелер қарсаңында мектеп кітапханасы оқырмандарына «Бейбіт күні жасасын!» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұсынды.Көрмеге қазақстандықтар мен Ақсулық жерлестеріміздің Ұлы Отан соғысына қатысуы туралы ақпараттар, отандастарымыздың ерлігіне арналған кітаптар, ел тыныштығын сақтауға өлшеусіз үлес қосқан батырлар жайлы жазылған шығармалар, фотоальбомдар мен өмірбаян очерктер, соғыс кезеңдері мен шайқас оқиғалары туралы тарихи деректерден мәліметтер, Жеңіс туралы жазылған ғылыми еңбектер мен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ғалымдардың естеліктері ұсынылса, “Майдангер ақын- жазушылар” бөлімі қалам мен қаруды қатар ұстаған қазақ ақын-жазушыларымызға арналды.Сұрапыл соғыстың қақ ортасында жүріп, қан майданда ажалмен бетпе-бет келсе де берілген емес. Қайтақалың жұртты қанаттандырып,жалынды жырларымен, орамдыойларымен жауынгерлердің рухын көтеретін, батырлықтарын айқындайтын әдеби шығармалар мен өлеңдер және т.б. кітаптары қойылды.Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, ел қорғаған батырлардың бойындағы ержүректік ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Ата бабаларымыздың ерлігін, қайсар табандылығын насихаттау. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.