8 мамыр күні мектеп кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Оларсыз бұл Жеңіс болмас еді…»тағылымдық тарихи сағат өтті.Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру. Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-құрмет көрсетуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Іс-шара барысында кітапханашы ата – бабаларымыздың қан майдандағы теңдессіз ерлігін құрметтеп, өскелең ұрпаққа оларды дәріптеп, Ұлы Жеңісті мәңгі есте сақтап, сұрапыл соғыстың орасан зияны мен зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз екендігін айтып, «Отан үшін отқа түскендер»,«Ұлы Отан соғысындағы ең жас қазақ батырлары» бейнефильм арқылы соғыс жылдарындағы тарихи деректер мен батырлар ерлігі таныстырылып, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б туралы мәліметтер ұсынылды. Қатысушы 9-10 сынып оқушылары тақырыпқа сай «Қазақстандық батырлар ерлігі» викториналық сұрақтарға жауап беріп белсене қатысты