Skip to content
Абай атындағы мектеп

Абай атындағы мектеп

Ақсу қаласы

  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлеткеттік Әнұраны
  • Жалпы ақпарат
    • Мектеп туралы
    • Басшы
    • Оқу — тәрбие жөніндегі басшының орынбасары
    • Мектеп психологтары, әлеуметтік педагог
    • Медициналық қызметкер
    • Бастауыш сынып мұғалімдері
    • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері
    • Шетел тілі мұғалімдері
    • Қоғамтану және тарих мұғалімдері
    • Биология, химия, география мұғалімдері
    • Математика, физика және информатика мұғалімдері
    • Музыка, сурет және технология мұғалімдері
    • Денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері
  • Байланыс
  • Русский

3 мамыр күні Абай ат.ЖОББ мектебінде “Біз темекісіз Қазақстан үшін!” темекі шегудің алдын-алу бойынша 9-11 сыныптар аралығында “Темекі шегудің зияны” туралы мектеп медбикесі Сулейменова А.К оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ), Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

🇰🇿 “Бірлік туы астында” әскери саптық ән байқауы өтті!

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Мектебімізде Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай “Бірлік туы астында” атты әскери саптық ән байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, әскери тәртіпке баулу және ұйымшылдықты арттыру. Байқауға қатысқан барлық сыныптар саптық жүріс пен әскери ән орындауда өздерінің шеберліктерін көрсетіп, бірлік пен тәртіптің жарқын үлгісін танытты. … Read More «🇰🇿 “Бірлік туы астында” әскери саптық ән байқауы өтті!» »

30.04 күні Достық стадионында Төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырылған «Жас құтқарушы» байқауы жоғары деңгейде өтті. Аталған сайыста біздің мектептің командасы өз шеберлігін көрсетіп, жүлделі 🥈орынды иеленді.

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Қатысушылар түрлі кезеңдерде ептілік, төзімділік және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілеттерін танытып, жоғары нәтиже көрсетті. Команда құрамында өнер көрсеткен оқушылар:Бауыржан Алинур — 10 «А» сынып оқушысыАмангелді Елдана — 10 «А» сынып оқушысыНурпеисов Асылхан — 10 «Ә» сынып оқушысыЖамсатов Мирас — 10 «Ә» сынып оқушысыТанатов Ансар — 10 «Б» сынып оқушысыШарбанов Дастан — 10 «Б» … Read More «30.04 күні Достық стадионында Төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырылған «Жас құтқарушы» байқауы жоғары деңгейде өтті. Аталған сайыста біздің мектептің командасы өз шеберлігін көрсетіп, жүлделі 🥈орынды иеленді.» »

Мектеп кітапханасы жылдық қорытынды аясында дәстүр бойынша «Үздік оқырман – 2026» атты сайыс өткізді.Сайыстың мақсаты:Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру, мәтінді түсініп оқу және талдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру.Сайысқа барлығы бастауыш сыныптар арасынан 16 оқушы қатысты. Сайыс 3 кезеңді құрады. Бірінші кезең 1-кезең: «Сұрақ менен-жауап сізден» бұл кезеңде оқырмандарға өздері оқыған кітаптардан тест сұрақтары берілді. 2-кезең» : «АЛДАР КӨСЕ» Бұл кезеңде оқырмандар экранда көрсетілген Алдар көсенің қоржынға жасырылған сұрақтарына мүдірмей жауап беру. 3-кезең: «Шебер оқырман» бұл – шешуші кезеңде ақын жазушылардың фотосуреттерін дұрыс құрастырып олардың кім екендерін айтуы тиіс. Сайыс барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениеті айқын байқалды. Нәтижесінде үздік оқырмандар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.БАС ЖҮЛДЕ- Нұрболат Әмина 3 «Е» сынып оқушысы1️⃣ ОРЫН- Калемшарив Нұрали 4 «В» сынып оқушысы2️⃣ ОРЫН- Акбердиев Арман 3 «Е» сынып оқушысы3️⃣ ОРЫН- Ризабек Айдана 3 «Д» сынып оқушысыНоминациялар:“Озық оқырман” — Хурмангаз Ерасыл 3 «Д» сынып оқушысы“Кітапқұмар оқырман”- Еженхан Расул 3 «Е» сынып оқушысы“Талапты оқырман”- Елбол Ханшайым 3 «Е» сынып оқушысы“Алғыр оқырман”- Хурметбек Расул 4 «В» сынып оқушысы“Дарынды оқырман” — Мұхтар Мағжан 4 «В» сынып оқушысы“Үлгілі оқырмын”- Бактыбаева Хабиба 3 «Д» сынып оқушысы“Зерделі оқырман”- Бахит Аруоза 3 «Д» сынып оқушысы“Ізденімпаз оқырман” — Аманбол Ибраһим 3 «Е» сынып оқушысы“Зерек оқырман”- Исмоил Амиржан 3 «Е» сынып оқушысы“Білімді оқырман” — Қаламбек Кәусар 3 «Е» сынып оқушысы“Шығармашыл оқырман”-Дархан Нұрсезім 3 «Е» сынып оқушысы“Шебер оқырман”- Нұркен Ахмедияр 3 «Е» сынып оқушысы.Жүлдегерлер мен номинанттар мадақтамалармен марапатталды және ең бағалы сыйлық кітапқа ие болды.

Кітапхана, Тәрбие беру жұмысы

Іс-шараны өткізген: Мектеп кітапханашылары. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

1 мамыр күні Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан Исатай Капаевты еске алуға арналған облыстық турниры өтті!Бұл турнирге біздің #2 БЖСМ-нің спортшылары қатысып, келесі нәтижелерге қол жеткізді:9 жас ұлдар арасында :🥇Темірғалы Асқар🥈Хайрол Рамазан🥉Ежиханов Асылхан9 жас қыздар арасында :🥇Балгабаева Аяулым11 жас қыздар арасында:🥇Мағжан Раяна11 жас ұлдар арасында:🥉Ахметов Азим13 жас қыздар арасында:🥇Сакен Аймира🥈Каркен Айя13 ұлдар арасында :🥉 Мағжан Нұрәлі15 жас қыздар арасында:🥇Ерасылқызы Маржан🥉Кульбаева АзизаОрын алған спортшылары мен бапкерін Сапарова Гульжан Мухаметкалиеваны құттықтаймыз👏👏👏👏

Спорттық іс-шаралар, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

Мектеп кітапханашылары танымал ғалым, дарынды композитор, өнегелі ұстаз Ахмет Жұбановтың туғанына (1906-1968) 120 жыл толуына орай «Бейбітшіліктің ақ құсын әнге қосқан –Ахмет Жұбанов» атты танымдық сағат 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізді.Танымдық шараның мақсаты – қазақ музыка өнеріне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті композитор, дирижер, ғалым Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау,өнер жолын таныстыру болды.Шара барысында Ахмет Жұбановтың өмірбаяны мен өнер жолы туралы мәліметтер айтылып, өмір жолы,естеліктер жайлы бейнебаян көрсетіліп, қазақ музыкасының дамуына қосқан еңбегі туралы кеңінен әңгімеленді, композиторлық еңбектері мен ғылыми зерттеулері туралы кеңінен ақпарат берілді . Сонымен қатар, композитордың «АҚ КӨГЕРШІН» әні орындалды .Іс-шара соңында қатысушыларға сұрақтар қойылып, қызықты танымдық «Ахмет Жұбанов» атты викторинамен өрбіді. Қатысушылар қазақ музыка өнерінің дамуына зор үлес қосқан тұлға туралы тың мәліметтер алып, өз ойларымен бөлісті.

Кітапхана, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

30 сәуір күні мектебімізде 2–5 сынып оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылдау салтанатты түрде өткізілді. 🇰🇿Бұл маңызды шара – жас буынның Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейтін ерекше күн болды. Оқушылар ант қабылдап, ұйым қатарына ресми түрде қосылды.Жас ұландар мен жас қырандарға алдағы уақытта білім мен өнерде биік белестерді бағындырып, ел болашағына үлес қосатын азамат болуларына тілектеспіз!

Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

5-сыныптар арасында ата- аналарға арналған “Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасыаясында “Ата — аналарға арналған сабақтар”өткізілді. Сабақтың мақсаты: жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғау үшін жағдай жасау: қорғану ережелерін және отбасылық сенім және жеке кеңістікті қабылдау шарттарын қалыптастыру.Жиналыс нәтижесінде ата-аналардың жасөспірімнің жеке кеңістігіне құрметпен қарау, сенімге негізделген қарым-қатынас орнату және зорлық-зомбылықтың алдын- алу бойынша білімдері кеңейді.Өткізілген жұмыстар отбасы ішіндегі өзара түсіністікті нығайтуга және баланың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.Сынып жетекшілері: Мурат С., Усманова Г.Е.,Телеуберд А., Молдатаева Б.Н., Рымбек Ж.,Әбілханова Г.Б., Хурметбек А., Арынтаева Л.Ж.

СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ, Тәрбие беру жұмысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

2026 жылғы 27 сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Мәдениет заңнан басталады: заманауи әлемдегі жауапты ата-ана» тақырыбында форум өткізілді. Іс-шараға 1–11 сынып оқушыларының ата-аналары, педагогтер ұжымы және мектеп әкімшілігі қатысты. Сонымен қатар Ақсу қаласының білім бөлімі, полиция бөлімі және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері арнайы шақырылды.

Мектеп тынысы, СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ, Тәрбие беру жұмысы

Форум барысында төтенше жағдайлар бөлімінің Азаматтық қорғау майоры Торехан Жанибек және Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Баймбет Алмас Айтмухамбетович баяндама жасап, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Кездесу аясында бала тәрбиесі, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік тақырыптары кеңінен … Read More «2026 жылғы 27 сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Мәдениет заңнан басталады: заманауи әлемдегі жауапты ата-ана» тақырыбында форум өткізілді. Іс-шараға 1–11 сынып оқушыларының ата-аналары, педагогтер ұжымы және мектеп әкімшілігі қатысты. Сонымен қатар Ақсу қаласының білім бөлімі, полиция бөлімі және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері арнайы шақырылды.» »

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Біз бәріміз әртүрліміз, бірақ бәріміз тату-тәттіміз» атты жарқын флешмоб ұйымдастырылды 🇰🇿Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында достықты, өзара сыйластықты және ұлттар арасындағы бірлікті нығайту. Флешмоб барысында оқушылар бір ырғақпен қимылдап, татулық пен келісімнің әдемі көрінісін паш етті.Іс-шараға 1 “г”, “д”, “е” үйірме сыныптары белсенді қатысты.Бұл шара – бірлік пен ынтымақтың, ортақ құндылықтарға деген құрметтің айқын дәлелі.Біз әртүрліміз – бірақ біргеміз! ✨

Тәрбие беру жұмысы

Жетекші: Серікбай Данна Серікқызы Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

Posts pagination

Назад 1 2 3 … 30 Далее

Мектеп жұмысы

  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ/ 9, 11 СЫНЫПТАР/
  • ПИЗА
  • ББЖМ
  • РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫ
  • 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ
  • АСХАНА
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП»
  • «АҚҚУ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ
  • «МИРАС» ҰЛДАР КЛУБЫ
  • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ)

Оқыту жұмысы

Кітапхана

Тәрбие беру жұмысы

Әдістемелік жұмыс

Қамқоршылық кеңес

Асхана

  • БОС ОРЫНДАР
  • ИНКЛЮЗИЯ
  • АТТЕСТАЦИЯ ҚҰЖАТТАРЫ
  • ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ/ 9, 11 СЫНЫПТАР/
  • ПИЗА
  • ББЖМ
  • РЕСУРС ОРТАЛЫҒЫ
  • 1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ
  • МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ
  • МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ
  • СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
  • ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
  • КӨРСЕТІЛІМ САБАҚТАР
  • ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР
  • КӘСІПТІК БАҒДАР
  • МЕКТЕП ТЫНЫСЫ
  • КІТАПХАНА
  • ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
  • СОЦИАЛЬНЫЙ ПЕДАГОГ
  • АСХАНА
  • ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҰМЫСЫ
  • «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕП»
  • «АҚҚУ» ҚЫЗДАР КЛУБЫ
  • «МИРАС» ҰЛДАР КЛУБЫ
  • МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
  • АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
  • САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ (ЗОЖ)

Copyright © 2026 Абай атындағы мектеп.