Абай атындағы ЖОББ мектебінде «Dos bolLIKE» бағдарламасы аясында мектеп психологі Искакова Д.Г. Бастауыш сынып оқушыларымен «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында ойын-жаттығу өткізді.
Мақсаты – оқушыларға интернет желісін қауіпсіз пайдалану жолдарын түсіндіру, кибербуллингтің алдын алу, жеке мәліметтерді қорғауға үйрету, желідегі қауіп-қатерлерден сақтану дағдыларын дамыту және цифрлық мәдениетті қалыптастыру.