17-маусым күні«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің «Жазғы Life» тобының тәрбиеленушілері «Future Ел – Қазақстанның болашағының шеберханасы» атты шығармашылық жобаға қатысты. Балалар өздерінің қиялындағы Қазақстанның болашағын бейнелеп, түрлі макеттер мен суреттер дайындады.Шара барысында жас өнертапқыштар болашақтағы көліктердің, ұшатын техникалардың және заманауи қалалардың үлгілерін жасап, өз идеяларын қорғады. Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттырды. Жоба барысында әр қатысушы өз армандаған елінің қандай болуын қалайтынын көрсете білді. 🇰🇿✨Топ жетекшілері:Динара СериковнаГульжан Еркинжасовна