17.06.2026 күні «Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы лагерінің тәрбиеленушілері Балалар шығармашылық үйінде өткен «Ойлан, тап!» интеллектуалдық сайысына қатысты.Нәтижесінде команда жүлделі 2-орынға ие болды.Сайыс барысында балалар ребустар шешіп, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, сөзжұмбақтар орындады. Қызықты әрі танымдық тапсырмалар арқылы өздерінің білімдерін, тапқырлықтары мен ойлау қабілеттерін көрсетті.Топ жетекшілері: Бакирова М.К., Хумарбек С. 🌟