Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің «Күншуақ» сауықтыру лагерінде 2026 жылдың 3 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және ел тарихы мен тәуелсіздігінің құндылықтарын дәріптеу.Флешмоб барысында лагерь тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы мағлұматтармен танысып, өз өнерлерін көрсетті. Балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңыздылығын насихаттады.Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің нышаны. Оларды қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.🇰🇿 Рәміздерім – мақтанышым, Тәуелсіз Қазақстан – жарқын болашағым!