Сабақтың мақсаты – оқушылардың тағам атаулары бойынша сөздік қорын молайту, сұрау және өтініш білдіру үлгілерін («May I have…?») дұрыс қолдануға үйрету, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында балалар пиццаның құрамындағы ингредиенттерді ағылшын тілінде атап, өздерінің сүйікті пиццаларын құрастырып, шығармашылық жұмыстар орындады. Оқушылар жұптық және топтық жұмыстарға белсенді қатысып, «May I have a pizza, please?» сияқты сөйлемдерді қолданып диалогтар құрды. Түрлі ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы жаңа сөздерді меңгеріп, ағылшын тілінде еркін сөйлесуге жаттықты.
Сабақ соңында балалар өз жұмыстарын таныстырып, белсенділік танытты. Үйірме қызықты әрі танымдық деңгейде өтіп, оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырды.
