Судағы қауіпсіздік – әр адамның өмірін сақтайтын маңызды ереже!Жаз мезгілінде өзен-көлдер мен су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін төмендегі ережелерді есте сақтаңыздар:🔹 Тек арнайы рұқсат етілген жерлерде шомылыңыздар;🔹 Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыздар;🔹 Белгісіз әрі терең жерлерге секірмеңіздер;🔹 Құтқару кеудешесінсіз қайыққа мінбеңіздер;🔹 Суға мас күйінде түсуге қатаң тыйым салынады;🔹 Дауылды, желді күндері суға шомылмаңыздар;🔹 Су ішінде бір-біріңізді итеріп, қауіпті ойындар ұйымдастырмаңыздар.Есіңізде болсын: қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен жақындарыңыздың амандығына деген жауапкершілік!Баршаңызды судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамыз!Қауіпсіз жаз – жарқын демалыстың кепілі!