Сонымен қатар, балалардың белсенді демалысын ұйымдастыру мақсатында түрлі спорттық ойындар өткізіліп, көңілді би флешмобтары ұйымдастырылды. Оқушылар қызықты ойындарға қатысып, өнерлерін көрсетіп, мерекені ерекше әсермен өткізді. Мерекелік шара барысында оқушыларға тәттілер, салқын сусындар мен балмұздақ таратылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Балалардың шат күлкісі мен қуанышы мерекенің басты көркіне айналды. Осындай игі шаралар арқылы балаларға қамқорлық көрсетіліп, олардың бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге үлес қосылды.
Барша бүлдіршіндерді 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Дендеріне саулық, оқуларына табыс, балалық шақтарына шаттық пен қуаныш тілейміз!
