Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Ата-аналар балалардың уақытын бақылап, жол қозғалысы ережелерін, судағы және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын үнемі ескертіп отыруы тиіс. Балаларды су айдындарының маңында және ашық терезе жанында қараусыз қалдырмаңыздар.
Балалардың өмірі мен денсаулығы — басты назарда!
