Кездесуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері Белялов Ризабек Сатбекұлы қонақ болып, оқушыларға «Аддиктивті мінез-құлық: психобелсенді заттарды қолдану» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында Ризабек Сатбекұлы келесі мәселелерге тоқталды:
Аддиктивті мінез-құлық дегеніміз не және оның жасөспірімдер арасында таралу себептері.
Психобелсенді заттардың денсаулыққа, оқуға және болашаққа тигізетін кері әсері.
Құқықтық жауапкершілік – психобелсенді заттарды сақтау, тарату және қолдану үшін ҚР заңнамасында қарастырылған жазалар.
Алдын алу жолдары – «жоқ» деп айта білу, дұрыс орта таңдау, қиын жағдайда көмек сұрау мәдениеті.
Кездесу ашық әңгіме форматында өтті. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтар қойып, нақты өмірлік мысалдар негізінде жауап алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілік сезімін қалыптастырып, саналы таңдау жасауға көмектеседі.
