«Балалар кітапханасы» республикалық бағдарламасы, Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар декадасы мен «Оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында 2026 жылғы 22 сәуірде «Абай атындағы орта жалпы білім беру мектебі» КММ базасында «Кітап оқитын мектеп» атты қалалық интерактивті Quiz викторинасы өтті.Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Ақсу қаласының білім беру бөлімі» КММ, «Абай атындағы орта жалпы білім беру мектебі» КММ.Викторинаның мақсаты – тек білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар жастарды кітап оқуға баулу, сыни ойлау мен командалық жұмыс дағдыларын дамыту.Іс-шараға қалалық мектеп оқушылары, Ақсу қаласының мектеп кітапханашылары қатысты, жалпы саны 45 адамды құрады.Интерактивті Quiz 6–10 сынып оқушыларын шынайы командалық ойында біріктіріп, әр қатысушы өз білімін, логикасын және кітап оқуға деген қызығушылығын көрсетуге мүмкіндік берді.Ойынға қаланың мектептерінен 9 команда қатысты, қатысушылар «Разминка-половинка» (сурет бойынша жазушыны анықтау), «Балалар кітапханасы» тізіміндегі шығармалар бойынша сұрақтар, логикалық және зейінділікке арналған тапсырмалар, командалық талқылаулар мен жедел шешімдер 6 қызықты кезеңдерден өтті.Абай мектебінің атынан 2 команда қатысты: 6 сынып санаты бойынша Саяхат Али Бастемиева Анель, Анисар Арай «Алтын ұрпақ» тобының құрамы, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Рахманова Д.Е., 8 сынып санаты бойынша Амангельдинова Азиза ,Жансейт Жанайкерім, Адылханова Азалия “Ұлағат ұясы” тобы, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Шалабаева С.Г.Quiz қорытындысы бойынша біздің мектептің командалары 6-сыныптар бойынша «Алтын ұрпақ» командасы қатысқаны үшін сертификатпен, 8-сыныптар санаты бойынша «Ұлағат ұясы» командасы 1-орынмен марапатталды.Құттықтаймыз!!! 🥳🥳🥳🎉🎊👏👏👏