13-23 сәуір аралығында елімізде Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған онкүндік аясында оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы баспалар арасында «Мен ұсынған 7 кітап» челлендж-эстафетасын жариялады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны дәріптеу.Бұл іс-шарадан Абай мектебі де тыс қалған жоқ. Ел тарихында тұңғыш рет саммари және non-fiction кітаптарды шығарып, әлемдік бестселлер кітаптарды қазақ тілінде сөйлеткен «Mazmundama» баспасы аз уақыт ішінде бедел жинап, қалың оқырманның көзайымына айналды. Қазақ тілінің мазмұнын дамыту арқылы ұлттың болашағына қызмет етеміз деп алдына зор мақсат қойған баспа. Әлем оқырмандары таласып оқитын үздік кітаптарды қазақ тіліне аударатын баспа.Осы челлендж аясында мектеп кітапханасы өз қорындағы «Mazmundama» баспасының оқырман қауымға ұсынуға лайықты деп 7 кітапты іріктеп, барша оқырман қауымға оқуға ұсынады.