Қ.Сәтбаев ат. гимназия мектебінде 20 cәуір күні «Ұлттық кітап күніне» орай қалалық “ Ақылмен оқы, оймен жеткіз “ BOOK BATTL жарысы өтті. Аталмыш іс-шараға Ақсу қаласының Қ.Сәтбаев ат.гимназия, Ы.Алтынсарин ОМ, Абай ат.ЖОББ мектеп оқушылар командасы қатысты.
Мақсаты: Кітап оқуды және кітапхананы насихаттау. Кітапты креативті түрде жарнамалай білуге үйрету.
BOOK BATTL екі кезеңді құрады:
✅“Бір кітап-мың ой” мини-спектакль.
✅“Неге осы кітап” өз көқарастарын білдіру.
Біздің Абай ат.ЖОББ мектебіміздің 8 сынып оқушылары Адылханова Азалия, Амангельдинова Азиза, Асқар Альмира, Ерасылқызы Маржан, Исматуллаева Айқыз, Қобланды Жаннұр, Олжабай Мерей, Шарипова Айару, Саттар Азиз, Айдаралы Нұрғиса жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасын жарнамалады. Оқушыларды дайындаған жетекші қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шалабаева Салтанат Гайдаровна
Әділқазылар шешімі бойынша біздің оқушылар ІІ орынға ие болып марапатталды.
Құттықтаймыз! Жарайсыңдар!🎉🥳
