2026 жылдың 20 сәуірі күні Абай атындағы ЖОББ мектебінде «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында маңызды түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шараға Ақсу қалалық емханасының гинеколог дәрігері Сапаргалиева Мадина Ануарбековна қатысып, 10-сынып қыздары арасында ерте жүктіліктің алдын алу, оның денсаулыққа және болашаққа әсері туралы жан-жақты мәлімет берді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.Осындай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға және саналы шешім қабылдауына ықпал етеді.