2026 жылдың 14 сәуірі күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан “Еңбегі адал – жас өрен” жобасы аясында оқушылардың еңбекке деген құрметін арттырып, кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды. Осы жоба шеңберінде Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушылары Жаяу Мұса атындағы колледжге арнайы барып, түрлі шеберлік сабақтарына қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу үдерісімен танысып, әртүрлі мамандықтар бойынша тәжірибелік жұмыстарды өз көздерімен көрді. Сонымен қатар, колледж ұстаздары мен студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи мамандықтардың қыр-сырын түсіндірді.Бұл кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдерді адал еңбекке баулу, олардың бойында жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби бағыт-бағдар беру болды.
