📌 2026 жылғы 14 сәуір күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде зиянды әдеттердің алдын-алу мақсатында маңызды кездесу өтті.
Іс-шараға мектеп инспекторы Куан Рауангул және Нарколог медбикелері Короткова Людмила Максимовна және Бастемиева Шолпан Токтаевна “Нашақорлық — қоғам дерті” тақырыбында оқушыларға темекі шегу, алкоголь және басқа да зиянды әдеттердің адам денсаулығына кері әсері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
👥 Кездесу барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар алды. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
✅ Мұндай шаралардың мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу және дұрыс өмірлік бағыт қалыптастыру.
