7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Абай атындағы ЖОББ мектебінің 5, 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Мен таңдаған жол» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге тоғызқұмалақтан жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларымыз және бапкері:Сапарова Гульжан Мухаметкалиевна арнайы шақырылды.
🏅 Азат Аружан Бауыржанқызы –
10 «Б» сынып оқушысы,
Тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері,
ҚР чемпионы,
Азия чемпионының қола жүлдегері,
Халықаралық жарыстардың жеңімпазы
🏅 Каркен Ая Бауыржанқызы –
7 сынып оқушысы,
Тоғызқұмалақтан ҚР спорт шеберіне үміткер,
ҚР екі дүркін чемпионы,
Халықаралық жарыстардың жеңімпазы
🏅 Кульбаева Азиза –
9 «Б» сынып оқушысы,
Тоғызқұмалақтан спорт шебері,
ҚР чемпионы,
Әлем чемпионы,
Халықаралық жарыстардың жеңімпазы
Оқушыларымыз өз жетістіктерімен бөлісіп, жас буынға үлкен мотивация сыйлады.
Спорт арқылы табысқа жетудің, еңбектің және табандылықтың маңызын көрсетті.
