7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Абай атындағы ЖОББ мектебінің 5, 9-11 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ШЖҚ РМК ұйымдастырған онлайн-трансляцияға қатысты.
Трансляция барысында қатысушылар денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті бағыттарымен, қоғамдық денсаулықты нығайтудың заманауи тәсілдерімен, сондай-ақ медицина саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновациялардың маңызымен танысты. Аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызын түсінуге ықпал етті. Осындай білім беру бастамаларына қатысу әлеуметтік жауапкершілігі жоғары әрі ақпараттандырылған ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды қадам болып табылады.
