Даналық мектебі “Аталар” клубының жоспары бойынша 2 «Е» сыныбының атасы Сергазин Бурамбай Самарханович “Атам баптаған тұлпар” тақырыбында танымдық сағатын жүргізіп, немересімен тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында аттың шығу тарихы мен маңызы туралы кеңінен түсінік беріліп, ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылды. Сонымен қатар, түрлі ұлттық ойындар ойнауға болатыны туралы әңгімеленіп, аттың пайдасы туралы түсініктерін кеңейту, ат баптау, бәйге туралы мағлұматтар беріп, белсенділік танытты.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттау, салт-дәстүрлерге құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ достыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Іс-шара өте қызықты әрі тартымды өтіп, белсенді қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Көтеріңкі көңіл күйі мен қуанышты сәттері ерекше әсер қалдырды.
Сынып жетекші: Абенова Б.А.
